Ссылки доступа

Стамбұлда Turkish Airlines'пен Латын Америкасына ұшқан ресейліктерді рейстен түсіріп тастады


Ресейдің Түркиядағы елшілігі Turkish Airlines әуе компаниясымен Латын Америкаға бара жатқанда транзиттік тіркеуден алынып жатқан ресейліктерге мәлімдеме таратты.

Ресейлік дипломаттар бұл көрініс "жүйелі түрде" сипат алып жатқанын айтты. Елшіліктің баспасөз қызметі Түркияның сыртқы істер министрлігіне жөнелткен ресми нотаға ешқандай реакция болмай жатқанын жеткізді.

Shot Телеграм-каналының мәліметіне қарағанда, соңғы айларда Түркиядан Латын Америкаға ұшып кете алмай жатқан ресейліктер саны мыңға жетті.

Мамандар әуе компаниялар туристер емес, Мексика арқылы АҚШ-ға барғысы келетін мигранттар болуы мүмкін деп қауіптенеді. Егер миграция қызметі жолаушыларды елге кіргізбей қойса, олардың қайту билетін әуе компания төлеп беруге міндетті болып қалады.

XS
SM
MD
LG