Британ үкіметінің басшысы Риши Сунак 14 Challenger 2 танкісін Украинаға беретінін қаңтар айында айтқан. Сол кезде әскери көмек майданға наурызда жетеді деп хабарланған. Мәліметті УНИАН ақпарат агенттігі таратқан.
Украин жауынгерлері танкілерді басқаруды үйрену үшін Ұлыбританияға барған. Ақпан айында олармен патша III Чарльз кездескен.
Наурыздың аяғында The Guardian газеті Challenger 2 танкілерін басқаруды үйрету курсы аяқталғанын, украин жауынгерлері үйге қайтатынын хабарлаған.