Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшілері хабарлады.
"Денсаулық сақтау министрлігінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ескертуінен соң дәрігерлер жасанды түсік жасатуға келген әйелдерді бірден қуып жіберіп жатыр. Оларды тіпті қабылдамайды" дейді түркімен астанасындағы бір ауруханада істейтін тұрғын.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұрық жатырда өмір сүруді тоқтатқан жағдайда ғана жасанды түсік жасалуы мүмкін.
Түркіменстанла 2022 жылы қабылданған заңға сәйкес, жасанды түсікті жүктіліктің алғашқы бес аптасында ғана жасатуға болады.
"Ал қазір заңда қарастырылған мерзімге де назар аудармайтын болды" дейді аурухананың бір қызметкері.
Билік жасанды түсікті шектеу себебін түсіндірмей отыр.
Ашһабат және Балқан уәлаятындағы медицина қызметкерлерінің айтуынша, билік тыйымына қарамастан жасанды түсікті жасырын жасайтын дәрігерлер бар. Мәліметтерге қарағанда, астанада құпия түрде жасанды түсік жасату 500-1000 доллар тұрады.
Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Түркіменстан үкіметін әйел құқығын, оның жүктілікті үзуге шешім қабылдау құқығын шектегені үшін сынап отыр.