Ссылки доступа

Ресейде «Крокустағы» шабуылдан кейін мигранттардан түскен шағым бірнеше есе көбейген


«Крокус Сити Холл» концерт залындағы терактіден кейін еңбек мигранттардан түскем шағымдар бірнеше есе көбейген. Бұл туралы «Вёрстка» құқық қорғаушы Валентина Чупиктің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Чупиктің айтуынша, наурыздың аяғынан бері оған 8,5 мыңнан астам адам арызданған. Еңбек мигранттары соққыға жығылғанын, заңсыз ұсталғанын және Ресей аумағынан шығарылғанын, ІІМ бөлімдері мен арнайы паналарда адам төзгісіз жағдайда ұстағанын айтқан.

Құқық қорғаушы бейбіт күндері аптасына 2-3 арыз ғана алатынын, ал қазір күніне 15-170 шағым түсіп жатқанын атап өтті.

Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары көп арызданған.

В России фиксируют рост ксенофобных настроений
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:29 0:00

22 наурызда қару ұстаған бірнеше адам Мәскеу шетіндегі концерт залына басып кіріп, адамдарға оқ атып, залды өртеді. Шабуылдан 144 адам қаза болып, 551 адам жараланды. Із-түссіз жоғалған адамдар да бар.

Тергеу органдары теракт туралы іс аясында төрт орындаушы мен олардың алты сыбайласын ұстағанын хабарлады. Олардың дені Тәжікстан азаматтары. Күдіктілер қолға түскен уақытта және тергеу кезінде азапталған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG