Ссылки доступа

Астанада тағы бір тұрғын Біләловті қолдап, акцияға шықты


Астанада бүгін Capital бизнес орталығы жанында қала тұрғыны Екатерина Зайцева қамаудағы азаматтық белсенді Болатбек Біләловті қолдап пикет өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғын пикетте қолына Біләловтің суреті басылған плакат ұстап шығып, оны қамаудан босатуды сұрады. Пикетке келген полицей Зайцеваның құжатын тексергеннен басқа ешнәрсе істемеді.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-соты 11 қарашада Болатбек Біләловті екі айға қамауға алған. Біләловке «араздық тудыру» айыбы тағылған. Тергеушілердің пікірінше, белсенді бұл әрекетті «бұқаралық ақпарат құралдарының алдында, көпшілікке жария түрде жасаған».

Болатбек Біләлов Астанадағы сүрілуі тиіс үйлер тұрғындарының мүддесін сотта қорғаушы ретінде танымал. Сонымен бірге ол – ресейлік зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға қарсы шығып жүрген «Антигептил» тобының белсендісі.

(Екатерина Зайцеваның акцияға шыққан видеосы:)

http://www.centralasian.org/content/article/27419759.html

XS
SM
MD
LG